ҚХАА жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің 2019 ж. қызметі туралы ақпарат

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен құрылған Қоғамдық келісім кеңестері мемлекеттік органдардың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, халықтың әлеуметтік проблемаларына мониторинг жүргізеді.

Кеңестердің қызметі қазақстандық патриотизм, азаматтық және рухани – мәдени қауымдастық негізінде топтастыру жолымен қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру процесіне түрлі әлеуметтік топтарды, үкіметтік емес ұйымдарды, этномәдени бірлестіктерді тартуға, қайырымдылықты, медиацияны және жергілікті жерлерде қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға бағытталған.

Ақмола облысында 248 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді, олар қоғам қайраткерлері, ардагерлер, ҮЕҰ өкілдері, жастар, кәсіподақ ұйымдары, аналар кеңесінің мүшелері, медиаторлар қатарынан 2 мыңнан астам адамды біріктіреді.

Кеңестер жұмысы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы Қоғамдық келісім кеңестері жергілікті бюджет қаражатын тиімді пайдалану мониторингімен; агроөнеркәсіптік секторда прогрессивті технологияларды енгізу жөніндегі жұмыспен; «кедергісіз орта» құрумен, ТКШ және табиғи монополиялар қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру мәселелері бойынша отырыстарды өткізумен, бизнесті заңсыз әкімшілік қысым мен қылмыстық қудалау қаупінен қорғау шараларымен, «7- 20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігі мәселелерімен айналысты.

2019 жылы Қоғамдық келісім Кеңестерімен халықтың әлеуметтік мәселелерін дер кезінде анықтау және шешу бойынша біршама жұмыс жүргізілді (типтік паспорт), 335 іс-шара ұйымдастырылды (2000 адам іс-шараға қатысты), 240 мәселе шешілді, ҚХА «Жаңғырған ауыл» жобасын іске асыру бойынша 39 іс-шара, ауылдағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі, «кедергісіз орта» құру туралы, азық-түлікке бағаның өсуіне жол бермеу туралы, медициналық қызмет көрсетудің және  медициналық қызметкердің проблемалық мәселелері бойынша, көп балалы отбасыларға қайырымдылық көмек туралы 29 отырыс өткізілді. Жергілікті бюджеттің тиімді пайдаланылуына талдау жүргізу мақсатында көшпелі қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы ұйымдастырылды. ҚКК отырыстарында қоғамдық тыңдаулар өткізілді

«Кедергісіз орта» құру үшін кеңестер «Кедергіге жол жоқ» әлеуметтік жобасын іске асыруда, оның шеңберінде арнайы мониторингтік топ әлеуметтік инфрақұрылымның 64 нысанын мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қол жетімділігіне тексерді.

Жергілікті бюджеттерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша 72 іс-шара, агроөнеркәсіптік секторда прогрессивті технологияларды ілгерілету бойынша 44 іс-шара өткізілді.

Агроөнеркәсіптік секторда прогрессивті технологияларды жылжыту бойынша Жол картасы шеңберінде Qoldau порталында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді цифрландыру мониторингі, жерді (егістік, жайылым, шабындық, көпжылдық екпелер) суреттеу жалғасуда, астық жинау, жем-шөп жинау техникасы, тиегіштер, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылығы жабдықтары жаңартылуда.

Қоғамдық келісім Кеңестерімен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, қоғамды топтастыру және патриотизмге тәрбиелеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.